Оқиға • 29 Қазан, 2024

Кәсіпкердің 75 млн теңгедей қаржысын жымқырған алаяқ ұсталды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкердің 75 млн теңгедей қаржысын жымқырған алаяқ ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті 2023 жылы Алматыда желдетуге арналған бөлшектер мен кондиционерлерді жеткіземіз деген сылтаумен кәсіпкердің 75 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың мамыр айында алаяқ Бішкек қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторында отыр. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.