Фото: instagram.com/ballondorofficial
France Football журналы дәстүрлі түрде өткізетін марапаттың үздік төрттігіне бұл жылы «Манчестер Сити» және Испания құрамасының қорғаушысы Родри, «Реалдың» үш бірдей ойыншысы Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем, Даниэль Карвахаль енді.
Ал «Алтын доп» иегері ретінде Родри таңдалды.
Осылайша 28 жастағы Родри 1960 жылдан кейін «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы испандық атанып отыр.
«Барселонада» доп тебетін Айтана Бонмати әйелдер арасында «Алтын допқа» қол жеткізді. Дәл осы клуб жылдың үздік әйелдер құрамасы атағын қоса жеңіп алды.
Ламин Ямаль («Барселона») марапаттау кешінде үздік жас футболшы мәртебесіне ие болды.