Фото: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, Howo жүк көлігі Бішкекке, ал Toyota Previa микроавтобусы оған қарама-қарсы келе жатқан. Тас жолдың 128 шақырымында микроавтобус жүргізушісі басып озу үшін қарсы қозғалысқа шығып кеткен.
Нәтижесінде, жүк көлігінің соққысынан Toyota Previa жүргізушісі мен жолаушысы жеңіл көліктен ұшып шығып, жүк көлігінің артына құлаған. Жүргізуші мен жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.