Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып, 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асырып келеді. Жоспар аясында негізгі шаралар бекітіліп, жоба картасы әзірленді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдау жүргізіледі. Ал ашықтықты қамтамасыз ету үшін интернет ресурста «Сыбайлас жемқорлық карталары» бөлімі құрылып, ішкі және сыртқы талдаулардың нәтижелері тұрақты жарияланып отырады.
«Министрлік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқыту бағдарламалары белсенді енгізіліп жатыр. Оқу курстары білімді тексеруге арналған тестілеу кезеңдерін қамтиды. Бұл әрбір қызметкерге қажетті білім алуға әрі олардың деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрліктің барлық деңгейінде – орталық аппараттан бастап аумақтық бөлімшелерге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметке алғаш рет келген қызметкерлерге этикалық нормалар мен заңдарды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысына ерекше назар аударылады. Бұл мемлекеттік құрылымдарға азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйелі түрде жалғасын тауып, министрліктің тұрақты бақылауында болады», деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Рустам Бейсенқұлов.