Фото: Polisia.kz
Ер адам Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталған.
«Ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Күдікті Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қалалық полицияның уақытша ұстау изоляторында отыр.