Фото: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім еткендей, апат 30 қазан күні «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Донской тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасының Мирный карьерінде болған.
«Самосвал жүргізушісі С. шахта жұмысшысы Ж. тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатқан. Мирный карьеріндегі екінші бұрылыстан өтіп бара жатып, самосвал жүргізушісі рульге ие бола алмай, карьердің сол жақ шетіне шығып, соның салдарынан самосвал аударылып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жұмысшылардың қайтыс болғанын анықтады», делінген хабарламада.
Адам өліміне себеп болған жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті арнайы комиссия құрды.