Экономика • 31 Қазан, 2024

Шығыстың балы мен Аралдың тұзына ерекше мәртебе берілуі мүмкін

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әділет министрлігі еліміздің әр аймағына тән, сонда өндірілетін өнімдерге географиялық нұсқама беру ісін бақылауға алды, деп жазады Egemen.kz.

Шығыстың балы мен Аралдың тұзына ерекше мәртебе берілуі мүмкін

Фото: gov.kz

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли баяндады. 

Географиялық нұсқамалар белгілі бір аймақтан шыққан және орналасқан жеріне байланысты бірегей қасиеттерге немесе сапаға ие, ауылшаруашылық, азық-түлік, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдерін анықтау үшін пайдаланылатын және табиғаты мен мәдениеті, тарихы мен шыққан жеріне тығыз байланысы бар өнім. 

Өткен жылы Алматының апортына осындай статус берілген еді. Өнімдерге осындай мәртебе беріп, географиялық нұсқаманы тіркеу әртүрлі аймақта өндірілетін тауарлардың ұлттық бренд ретінде дамуына, сондай-ақ олардың әлемдік нарықта танылуын, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік индустрияны дамытуға ықпал етеді.

«Қазақстанның әрбір өңірінде географиялық нұсқама ретінде тіркелу мүмкіндігі жоғары өнімдер бар. Мысалы, Қазақстандық тары, Қызылордалық «Арал тұзы», Шығыс Қазақстанның табиғи балы және басқа да өнімдер географиялық нұсқама ретінде тіркелуі мүмкін», деді Т.Уәли.

Оның айтуынша, бүгінге дейін 19 географиялық нұсқама ресми тіркелген. Олардың ішінде 

  1. Алматы Апорты
  2. Талғар алмұрты
  3. Нарынқол картобы
  4. Бақанас күріші
  5. «Көкшетау» балмұздағы
  6. «Көкшетау» майы
  7. Бурабай балы
  8. Қарағанды балмұздағы
  9. Қарағанды бройлері
  10. Қостанай балы
  11. Түйе сүтінен жасалған «Арал» сабыны
  12. «Арал» жантақ сабыны
  13. Қызылорда тұзы
  14. «Қазалы» кәмпиті
  15. «Қазалы» сабыны
  16. Сайрам Наны
  17. TURKISTAN шоколады
  18. TURKISTAN балмұздағы
  19. ЧАЧА сусыны бар. 

Ал бүгінде Әділет министрі Азамат Есқаравтың бақылауында тіркелеуге жіберілген 109 өтініш бар.