Оқиға • 01 Қараша, 2024

Астанада хостел әкімшісі келушінің алтын бұйымын қолды еткен

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада орналасқан хостелдердің бірінде 34 жастағы әкімші келушінің алтын бұйымын ұрлаған, деп жазады Egemen.kz.

Астанада хостел әкімшісі келушінің алтын бұйымын қолды еткен

Фото: polisia.kz

Полицияның мәліметінше, жәбірленуші елордаға жұмыс бабымен келіп, уақытша тұру үшін хостелге тоқтаған. Бөлмеде зергерлік бұйымдар салынған сөмкесін қалдырып, шаруаларымен шығып  кеткен. Әйелдің жоқтығын пайдаланған хостел әкімшісі қосалқы кілт арқылы бөлмеге кіріп, сөмкеден құны 420 мың теңге тұратын алтын тізбекті ұрлаған.
«Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында Есіл ауданы полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы хостел қызметкерін анықтады. Күдікті ұрлаған бұйымды ломбардқа өткізіп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, заттай дәлелдеме иесіне қайтарылған.