Оқиға • 01 Қараша, 2024

Қытайлық компания Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлық Fufeng Group компаниясы Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысына 650 миллион доллар инвестиция салып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайлық компания Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады

Фото: baraev.kz

«Бүгін Қытайдың ірі Fufeng Group компаниясымен Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салу туралы келісімге қол қойылады. Екі-үш жылдың ішінде зауыт салынады деп ойлаймын», деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың хабарлауынша, келісім аясында 650 миллион доллар инвестиция тартылып, 1 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Зауыт Аршалы өңірінде салынады.

«Бұл ауданда индустриялық аймақ құрып жатырмыз. Инвесторлар 4-5 облысты аралап, Аршалы ауданына қоныстанды. Себебі, бұл жер сумен, жарықпен, газбен қамтылған. Бастапқы кезеңде 1 млн тонна бидайды өңдеу жоспарланды. Жоба экономиканың өсуіне және өңірдегі жағдайдың жақсаруына ықпал етеді», деді облыс әкімі.