Саясат • 02 Қараша, 2024

Балалар қауіпсіздігін күшейтуге мән берді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оның жолын кесу мәселелеріне арналған жиын өтті.

Балалар қауіпсіздігін күшейтуге мән берді

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Басқосуға Оқу-ағарту министрі, Мәдениет және ақпарат министрі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау, құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және оған жол бермеу бойынша жүйелі әрі жедел іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Е.Қарин бұл проблемалар мемле­кет­тің жіті назарында екенін атап өтті. Мемлекеттік органдар қажетті институционалдық шешім­дер әзір­леп, сын-қатерлердің алдын алу тетіктері мен алгоритмдерін жасады.

Мемлекеттік кеңесшінің пікірін­ше, балалардың қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге және оларды заң та­лап­т­арына қайшы ақпараттан қор­ғау­ға бағытталған жұмыстарды жү­йе­лі жүргізудің маңызы зор. Атал­ған шараларды жүзеге асыруға аза­мат­тық институттарды және ата-аналар­ды да тартқан жөн.

Жиын соңында Е.Қарин жауапты мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берді.