Бағдарламалар • 02 Қараша, 2024

Көпбалалы отбасыларды қамтитын жаңа бағдарлама іске қосылады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Отбасы банкте» жаңа бағдарламалар іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көпбалалы отбасыларды қамтитын жаңа бағдарлама іске қосылады

Бүгін Премьер-министрдің қатысуымен иевесторлар форумы өтті. Онда «Отбасы банкі» төрағасы Ләззат Ибрагимова келісімге қол қойды. Оған 70 млрд доллар тартылады.

«Сол арқылы жаңа бағдарламалар енгізіледі. Ол кісі жеке маған келіп айтты. III топтағы мүгедектер болсын, көпбалалы ана болсын, жалғызбасты аналар болсын, оларға жаңа бағдарламалар жүзеге асырылады. Сондықтан оларды күтеміз», деді министр журналистермен кездесуінде.

Жақыпова қазіргі таңда елімізде 70 мыңнан астам мүгедектігі бар адамның баспанасы жоқ екенін айтты.