23 Маусым, 2010

АДАМ АҚПАРАТСЫЗ БОЛА АЛМАЙДЫ

513 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
22 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен “Медиалайф” қоғамдық қоры Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының және Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің қатысуымен “Қазақстанда “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” Заңның қабылдануы: нақтылықтары мен перспективалары” тақырыбында сарапшылар кездесуін өткізді. Бұл кездесу “Ақпаратқа қол жет­­­кізу туралы” және “Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы” заң жобалары мәселелері бойынша бірыңғай ұстаным әзірлеу үшін азаматтық қоғам, мемлекеттік ор­ган­дар мен Қазақстанның дипло­матиялық корпусы өкілдерінің басын қосты. 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасына сәй­­кес ақпаратқа қол жеткізу мәселе­­лерін нормативтік-құқықтық рет­теуді жетілдіру қажет. Жеке заң қабылдау туралы ұсыным 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Рес­­­­публика­­сын­дағы Адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жос­парында да қа­рас­ты­рылған. Бүгінгі таңда “Ақпа­рат және ақпаратты қорғау туралы” заң жобасын қабыл­дау 2011 жылға көшірілген, мүдделі тараптар ара­сында заң жобасының маз­мұны туралы ғана емес, оның атауы туралы да мәселелер ту­ындаған. Қазіргі кезде “Ақпарат және ақ­­паратты қорғау туралы” заң жоба­сы­ның тұжырымдамасы мақұлдан­ған. Үкіметтің ақпаратқа қол жет­кізу сала­сындағы қоғамдық қаты­нас­тарды рет­тейтін заң жобасын әзірлеуге кі­рісуі тиіс деген пікір бар. Бұл ретте азаматтық қоғам бұған белсенді атса­лысуға дайын екенін білдіріп отыр. Сараптамалық кездесуге азамат­тық қоғам, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкімет­тің, Парламенттің, Жоғарғы Соттың және Конституциялық Кеңестің өкілдері, халықаралық сарапшылар, дипломатиялық миссиялар мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу қорытын­дысы бойынша ақпаратқа қол жет­кізу құқығын заңнамалық реттеуді жетілдіру мақсатында прак­тикалық ұсынымдар әзірленетін болады.