16 Маусым, 2015

Жеке сот орындаушылар институты – уақыт талабы

613 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
16-06-2015-prokuror 02Биыл Астана экономикалық форумының жалпы отырысында мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндады. «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап, сондай-ақ, бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда елдің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары. Аталған жоспардың заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі 2-тарауындағы 27-қадамында жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту және сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту мәселесі қарастырылған. Қазіргі таңдағы мемлекеттік сот орындаушылары атқарып жатқан жұмыстарға және олардың тарапынан орын алған заң бұзушылықтар деректеріне қарағанда, жеке сот орындаушылардың штаттық санын көбейтіп, мемлекеттік сот орындаушыларды біртіндеп қысқарту мәселесінің өте маңызды қадам екенін түсінеміз. Жалпы, тарих қойнауына үңілсек, жеке сот орындаушылар ең алғаш рет Францияда енгізілген. Балтық елдерінде бұл жүйе өте жақсы жолға қойылған. Эстония мен Латвия елдерінде де жеке сот орындаушысы ерте пайда болған. Көптеген дамушы мемлекеттер үлгіні Франциядан алды. Балтық елдеріндегі заң Қазақстанда жеке сот орындаушылар институтын құруда біршама жақын болды. Үлкен бастаманы сол елдің білікті мамандары да қоштады. Болгария секілді бірнеше мемлекеттердің заңдарын да қарай отырып, шетел мамандарымен бірлесе отандық жеке сот орындаушылары туралы заң жобасы осылайша дүниеге келген. Жеке сот орындаушылар институты сот орындаудың деңгейін, сот орындаушысы мамандығының беделін қосымша бюджеттік шығындарсыз едәуір көтеруге септігін тигізеді. Жеке сот орындаушылар институтын құруды мемлекет басшысы 2005 жылы өткен судьялардың IV съезінде тапсырған болатын. Қазіргі уақытта мұндай мамандар әлемнің 65 мемлекетінде бар. Мысал ретінде Франция, Белгия, Нидерланды, Италия және Грекия секілді елдерді айтуға болады. Еліміздің төрінен орын алған заң жеке сот орындаушылардың құқықтық мәртебесін, қоғамдық рөлін айғақтайды. Жалпы, заң жеке сот орындаушылардың өкілеттілігін нығайтуға, жан-жақты қолдануға бағыттап отырады. Қазіргі таңда, Қызылорда өңірінде 30 мың атқарушылық құжаттар бойынша бар болғаны 15 мемлекеттік сот орындаушы қызметін жүзеге асырады. Аталған жағдай, сот актілерінің уақытылы орындалуын едәуір баяулатып кері әсерін тигізсе, кейбір жағдайларды атқару құжаттарының мүлдем жоғалу деректеріне алып келеді. Мәселен, Қызылорда қаласының прокуратурасы облыстық әділет департаментіне қарасты сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімдерінің есебінде тұрған атқару өндірістерінің толықтығы мен шынайылығына тексеру жүргізіп, нәтижесінде 1 688 785 652 теңге құрайтын 1 125 атқару құжаттарының жоғалғанын және жекелеген атқару құжаттары жылдан-жылға орындалмай жатқандығын анықтады. Сондай-ақ, қалалық прокуратура 2015 жылдың басынан бері 45 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізсе, 30 мемлекеттік сот орындаушының тәртіптік жауапкершіліктері шешілген. Десек те, қалалық прокуратура жыл басынан бері енгізген ықпал ету актісі бойынша тек мемлекеттік сот орындаушылардың тәртіптік жауапкершіліктері шешілумен шектеліп, нақты өндіру бағытында жұмыс әлі де болса мардымсыз. Қазіргі уақытта, өңірімізде жеке сот орындаушыларға 65 штаттық орын беру көзделуде. Осыған сәйкес, мемлекеттік сот орындаушылардың өндірістері бірте-бірте жеке сот орындаушыларға берілсе, сот акілерінің нақты орындалуына және бұл тұрғыда азаматтардан шағым едуір азайуына қол жеткізілетіні сөзсіз. Руслан Пірназар, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі.