Оқиға • 04 Қараша, 2024

«Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі Хасан Қасымбаев қамауға алынды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хутор» қылмыстық тобының жетекшісі Хасан Қасымбаев қамауға алынды

Фото: Ашық дереккөз

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қараша күні Хасан Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол 2021 жылдың маусым айында жасалған азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген.

«Қазіргі уақытта аталған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында іс материалдары бұлтартпау шарасын қолдану үшін сотқа жіберілді», делінген хабарламада.

Тергеу барысы облыстық Полиция департаментінің жіті бақылауында. 

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Хасан Қасымбаевтың Талғардағы жасөспірімнің өліміне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.