Қазақстан • 04 Қараша, 2024

Қазақстан азаматтары Ливаннан аман-есен оралды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінен хабарланды, деп жазады Egemen.kz

Қазақстан азаматтары Ливаннан аман-есен оралды

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР-ның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан Қазақстан азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды.

«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді», делінген СІМ хабарламасында.

Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.