Фото: Ерлан Омар
Бас директордың бірінші орынбасары қызметіне белгілі журналист Виктор Пряников тағайындалды.
«Виктор Валерианович – ақпарат саласында біраз жыл қажырлы еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған білікті қызметкер. Газет ісінің қыр-сырын жақсы меңгерген азамат. Еңбек өтілінде «Казахстанская правда» ұжымына да алабөтендігі жоқ. Ең бастысы қатардағы тілшілердің жұмысының ауанымен, оның атқарылу үдерісімен жіті таныс маман», деді Қ.Ысқақов.
Сондай-ақ Бас директордың орынбасары қызметіне Айгүл Байханова тағайындалды. Вице-министр жаңа қызметкерге үлкен жауапкершілік артылып отырғанын айтып, серіктестік жұмысында қаржылық тәртіп, қызметкерлердің еңбек құқы мен олардың тиісті деңгейде материалдық қамтамасыз етілуіне басты назар аудару керектігін жеткізді.
Өз кезегінде Бас директор Дихан Қамзабекұлы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен серіктестіктің бірлесе отырып жасаған осы кадрлық тағайындаулары газет жұмысының сапасына оң ықпал тигізетіне сенім білдірді.