Есірткі • Бүгін, 01:15

Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды

Күдіктілер әр есірткі бумасы үшін бір жарым мың теңгеден алып отырған. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барған.

Олардан «мефедронның» жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кейінгі аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 10 келі синтетика тәркіленді.

«Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын ескертеміз. Ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары.