Концерт халықаралық аренада еліміздің мәдени имиджін нығайту және Қазақстан мен Чехия арасындағы дипломатиялық байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Рухани кеш – екі ел арасындағы мәдениетаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылыстың айқын көрінісі.
Еліміздің жетекші музыкалық ұжымдарының бірегейі – Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыканың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген кәсіби музыканттардан құралған. Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері Айман Мұсақожаеваның елдің бай музыкалық мәдениетін бейнелейтін және оны халықаралық сахнада насихаттайтын ұжым құру туралы идеясынан бастау алған оркестр 1991 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.