Үкімет • 05 Қараша, 2024

Әскери-патриоттық тәрбие мәселесіне мән береді

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Әскери-патриоттық тәрбие мәселесіне мән береді

Бірінші оқылымда депутаттарға білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Үкіметтің түзету­лері мен әскери-патриоттық тәр­биеге қатысты Пар­ламент депутаттары ұсынған заң жоба­сын қарау ұсынылады. Бұл заң жобасында жетім балалар мен ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған ба­лаларды баламалы түрде кәсіби қабыл­даушы отбасына орналастыру көз­деледі. Балалар анықталған сәттен бас­тап мұндай отбасына балалар үйіне жіберілмей-ақ, қамқоршы немесе қорғаншы орган мен қабылдаушы тәрбиешілер арасындағы келісімшарт негізінде беріледі.

Әскери-патриоттық тәрбие мәселе­лері жөніндегі депутаттар бастамашы болған заң жобасы азаматтарды әске­ри-патриоттық тәрбиелеудің бірың­ғай жүйесін құруға және осы жұмысқа барлық мемлекеттік орган мен ұйымды тартуға бағытталған. Осы мақ­сатта Қорғаныс министрлігі мен жер­гілікті атқарушы органдар жаны­нан әскери-патриоттық тәрбие жөнін­дегі үйлестіру кеңестерін құру ұсыны­лады. Бұған қоса азаматтарға әскери жиын­дарға шақыртусыз және күнделікті жұ­мыс­тарынан қол үзбей-ақ, тұрғылықты жерінде әскери оқу орындарында, білім ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда (факультеттерде), сондай-ақ әскери-техникалық мектептерде ақылы негізде әскери дайындықтан өту мүмкін­дігі беріледі. Оқу жұмыстан тыс уақытта және өндірістен қол үзбей жүргізіледі.

Сонымен қатар Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.