Фото: ҚМА
Семинарға Беларусь, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен 50-ге жуық маман жиналған.
Олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру тетіктерін меңгереді. Сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің бағалаушылары арнайы дайындықтан өтеді.
Жиналғандар мұндай біліктілік дәрістері салада тәжірибе алмасып, жүйелі жұмыс істеуге ықпал ететінін атап өтті.