Аймақтар • 06 Қараша, 2024

Атырауда алғашқы қар жауды

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауға бір аптадан бері бірнеше күн жаңбыр жауып, мұнайлы қаланың көшелерін су басқан. Ал бүгін алғашқы қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда алғашқы қар жауды

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін, 6 қарашада Атырауда екпінді жел тұрып, ауа температурасы айтарлықтай төмендеген.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті 5 қараша күні облыс тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығы туралы ескерткен еді.

«Атырау облысында «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 6 қарашада жел күшейеді. Желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді. Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтарына мүмкіндігінше үйлерінен шықпауды, балаларды ерекше бақылауға алуды, қараусыз қалдырмауды, қоғамдық көлік аялдамаларында абай болуды, және билбордтар мен аяқталмаған құрылыс нысандарынан аулақ болуды ескертеміз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде қысқы маусымға дайындық арнайы техникаларды тексеруден басталған. Сондай-ақ, Атырау қаласына қысқы маусымда жолдарға себу үшін 400 тонна тұз қажет екені атап өтілді.