Қоғам • 06 Қараша, 2024

Шоқай мектебінің шамшырақтары

263 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Тарихы сонау XX ғасырдың ортасынан бастау алатын Мырзашөл өңірінің ең алғашқылар қатарында құрылып, ашылған, мықты, тарихи білім ошақтарының бірі Түркістан облысы Жетісай ауданы Жылысу ауылдық округіндегі қазір ұлт зиялысы, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай атындағы 26 орта мектеп туралы айрықша айтуға болады. Мектеп директоры – білікті педагог-ұстаз Ұлжалғас Примбекова.

Шоқай мектебінің шамшырақтары

Жетістік баспалдақтары

Білім мекемесі 1966 жылы ашылғанымен, тарихы сонау 1957 жылы қыркүйегінен басталады. 1957 жылдың жазында Ресейдің атақты жазушысы Константин Симонов келіп, алғашқы тың игерушілермен танысқаны да Мырзашөлдің тарихындағы айрықша оқиғалар. Алғашында В.Ленин атындағы №2 орыс-қазақ орта мектебі ретінде 1965 жылы ашылған білім ордасы 2 қабатты жаңа үлгіде салынды. 1972 жылы мектептің аты Н.Крупская №22 орта мектебі болып өзгерді. 2000 жылдың 23 мамырынан бастап оқу ордасы Үкіметтің №775 Қаулысымен қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Шоқай есімімен аталды.

Р 

Жыл сайын бірнеше ондаған түлекті үлкен өмірге қанаттандырып, ұшырып отырған білім мекемесі талай талантты шәкірттің шырағданын жақты, үмітін үкілеп, айтулы додаларға қосты. Шәкірттердің арасында ғалымдар, белгілі педагогтар, журналистер, медицина қызметкерлері, бизнес өкілдері бар.

Білім сапасы жоғары, білікті педагогтар сабақ беретін мектептің жетістіктері аз емес. 2023-2024 оқу жылында 6 оқушы «Алтын белгіні» алса, 2 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Р

Мектепте тәрбие ісі жақсы жолға қойылған, оқушылармен тұрақты тәрбие үдерісі жүргізіледі. Тәрбие үдерісі  бұл – тұлғаның тәрбиелік деңгейі, ол оқушының қоршаған әлеуметтік ортамен және жалпы қоғаммен әрекеттестікке дайындығымен сипатталады.

Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу – тәрбие жұмысының басты мақсаты.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген жұмыстар мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Болат Сералиев пен Бауыржан Ауелбеков басшылығымен іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Іс-шаралар бірнеше бағытты қамтиды.

Білім күні айрықша өтті

Биылғы 1 қыркүйекте М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектебі Білім күніне арналған салтанатты іс-шарасын өткізді.      Білім мерекесі «Мектебім, мейірім мекені» деп аталды. Оған мектептің педагогтары, құрметті ардагер ұстаздар, еңбек ардагерлері, ата-аналар, 1-11 сыныптың оқушылары қатысты. Мектеп директоры Ұлжалғас Примбекова салтанатты іс-шарада сөз сөйлеп, жиналғандарды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ауыл биі Е.Биболов пен ауыл ақсақалы О.Мырзалиев оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп ұжымына сәттілік тіледі. Оқушылар би билеп, ән шырқады. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерге алғашқы қоңырау соғылып, білім сапарында ақ жол айтқан жиын түлектерге сәтті сапар тіледі.

Жолдау қолдау тапты

2024 жылы 16-қыркүйекте М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін орта мектепте Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер туралы айтылды. Жиында сөз бастаған мектеп директоры – Ұлжалғас Қонысқызы Жолдаудағы білім беру ісіне қатысты атқаратын жұмыстарға тоқталды.

Жиында сөз алған мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Болат Сералиев Жолдау туралы егжей-тегжейлі айтыпонда көрсетілген  басым тоғыз бағыттың 5, 6 бағыттарында көрсетілген білім саласына қатысты мәселелерді кеңінен қамтып, мазмұнды талдау жасады.

Ондағы «Инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізу», «Елдің өнеркәсіп әлеуетін дамыту», «Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелер, «Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру», «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру». Ол заңның үстемдігі туралы  Жолдауда көрсетілген мәліметтерге ерекше тоқталып өтті.      

Тарих пәнінен әдістеме бірлестігінің жетекшісі З.Шегебаева жолдауда  бағдарларда білім саласы бойынша бірнеше мәселелерді айтылғанын атап өтті. Жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Әкелер кеңесі жұмыс істейді

Тәрбие жұмысында әкенің орны бөлек. Отбасында баласынаың болашағына көбірек көңіл бөлген әкелер мектепте өткен іс-шараларға, жалпы тәрбие жұмыстарына барынша атсалысады. Бұл – өте қуанарлық жәйт. Жуырда мектепте  «Әкелер кеңесі» өтті. Оған Жылы су ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Мырзалиев, Ауылдық округтің аға биі Е.Биболов, ауыл әкімінің орынбасары А.Алдешов, ауылдық полиция инспекторы Н.Орманов, Әкелер кеңесінің төрағасы А.Сүттібаев және мектептің ата-аналары қатысты. Онда қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттыру, әке құқығы, әкенің отбасындағы рөлінің төмендеу себептері талқыланды. Сондай-ақ қазіргі ұлттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарға бағдарланған тәрбие жұмыстарын жандандыру, заманауи, парасатты әкелердің жаңа бет-бейнесін қалыптастыру мәселелері сөз болды.

«Бала тәрбиесінде әкелер рөлінің әлсіреп бара жатқаны белгілі. Мектептің ата-аналар жиналысына тек аналар келетіні жасырын емес. Кейде балалар оқу ордасына мектеп формасын кимей келетіні, түн мезгілінде жасөспірім оқушылардың көшеде жүретіні, түрлі жиналыстар ұйымдастыратыны бар. Осыған байланысты тәрбие жұмыстарымен тек ұстаздар ғана емес, отбасында әкелер де айналысуы тиіс», деді мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бауыржан Ауелбеков.

О.Мырзалиев бала тәрбиесінде әкелер рөлі шынында да төмендеп кеткенін, баланың келешекте мықты азамат болуы үшін жастайынан әке тәрбиесін көріп, ал әкелер баласына қай кезде де үлгі көрсетуі керектігіне жұрт назарын аударды. Полиция инспекторы Н.Орманов құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша айта келе беймезгіл уақытта баланың көшеде жүрмеуін назарға алу керектігін ескертсе, А.Алдешов екі-үш күн сайын көшелерде рейдтер ұйымдастырылатыны туралы ұсыныс айтты.

Осы ретте мектепте «Есірткі тұтыну, темекі шегу, алкоголизмнің алдын алу» тақырыбында 9,10,11 сынып оқушылары қатысқан жиналыс өтті. Осы тақырыпта бейнефильм көрсетілді.                                                          

Мектеп директорының орынбасары Болат Сералиев осы тақырыпта баяндама жасапоқушылардың сұрақтарына жауап берді. ҚР Қылмыстық кодексінің  296, 297, 299-баптарында есірткіге байланысты қылмыстық әрекет болып табылатын жайлардан хабар берді. Медбике Ж.Ильясова есірткі тұтыну, темекі шегу,алкоголизмнің денсаулыққа өте зиян екенін айтып, оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ мектепте «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында жиналыс өткізілді. Н.Тобақабылов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Тарих пәнінен әдістеме бірлестігінің жетекшісі З.Шегебаева сөз сөйлеп, түрлі іс-шараларды көбейту керектігін айтты.

Мұғалімдер мерекесі

М.Шоқай атындағы №26 жалпы білім беретін мектебінде педагогтардың кәсіби мерекесі алдында «Ұстазұлы тұлға» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шараға Б.Досболов, Б.Айбеков, Б.Сарбасова, М.Айнабаева, Г.Құралбаева, А.Орынбекова  және тағы басқа ардагер ұстаздар қатысты. Кешті жүргізген Салтанат Дүйсетаева ардагер ұстаздарды құрметтеп ортаға шығарып, жүрекжарды ізгі тілектерін жеткізді, оларға бағалы сыйлықтар таратты.

Мектеп оқушылары ұстаздарға арналған әндерін айтып, би биледі. Өнерлі ұстаздар Г.Айдарова мен А.Жахаева ән шырқап, кештің шырайын ашты. Мерекелеу барысында логикалық (жағдаят) сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген ұстаздарға сыйлықтар берілді. Бұл күн шын мәнінде ұрпақ тәрбиелеуде зор үлес қосқан педагогтардың мерейі үстем болған, қатысқандарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған ұмытылмас күнге айналды.

Айрықша мереке

Ұлттық мерекенің жас өскіндерге берер тәрбиелік маңызы зор екені мәлім. Мереке тек той тойлауға ғана емес, ой ойлауға, білімді болуға жетелейді. Ұлт зиялысы атындағы оқу ордасында 25 қазанРеспублика күніне орай 2-б сынып жетекшісіМухаббат Искендирова тамаша сынып сағатын өткізді.    

Сынып оқушылары мемлекеттік Әнұранды орындап, М.Искендирова оқушыларға келе жатқан мерекенің тарихы мен оның маңызы туралы түсіндірді. Оқушылар кезекпен «Ел», «Туған жер» «Отан» туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.

Күзгі «Асар» әдемі әсер сыйлады

Оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану, уақыттарын пайдалы өткізу – тәрбие жұмыстарының бір парасы.

«Осы мақсатта мектебімізде күзгі демалыстағы «Асар» іс-шарасы ұйымдастырылды, мектеп дәлізінде мектеп оқушылары тәлімгер Г.Божимбетованың ұйымдастыруымен «Күзгі асар»жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге оқушылардың қолымен жасалған заттар қойылды. Бұл іс-шара балаларға қатты ұнады», дейді мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Болат Сералиев.

P.S. Алпысқа жуық уақыт Мырзашөл жеткіншектерінің жұлдызын жағып, шамшырақтарын жарқыратқан білім беру мекемесінің құрылғанына да алпыс жылға жуықтап қалыпты. Іргесі мықты, білікті, білімді педагогтар дәріс берген оқу ордасының алда алар асуы биік, мақсаттары айқын, болашағы жарқын деуге әбден лайықты. Қара шаңырақтан түлеп ұшқан шамшырақтар-шәкірттер елімізде ғана емес, әлемдік мерейлі орындарда жүр. Шәкірттер ұстаздарымен мақтанса, ұстаздар талантты шәкірттерімен мақтанады. Ылғи абырой биігінен көрінсін, түлектер тек жақсы хабармен оқу ордасына оралып, қуантып жүрсін дейміз.

 

Болат Сералиев

Түркістан облысы