Таным • 07 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Естен кетпеген билет

66 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы Оңтүстік Каролина штатының тұрғыны дүкенге барғаннан кейінгі мазасыз сезімнің арқасында лотереядан 300 мың доллар ұтып алды.

Ғалам ғажаптары: Естен кетпеген билет

Ұтыс иегері атанған ер адам Сене­ка қаласындағы «Lowry Food Mart» супер­маркетіне кіріп бара жатып, «Carolina Cash» лотерея билетін көзі шалып қалған. Кейін саудасын жасап, дүкеннен шығып кетеді. Алайда сол билет жатса да, тұрса да есінен кетпей қояды. Ақырында қайта айналып барып, лоторея билетін сатып алады. Қорғаныш қабатын өшірген кезде сандары сәйкес келіп, 300 мың доллар ұтады. Осылайша, ол түйсігі алдамағанын, бекерден бекер мазасы қашпағанын түсінген. Ер адам ұтқан ақшасына жаңа үй сатып алыпты.

 

Ерекше кірпіш

пр

Қытай инженерлері құрылыс саласында қолдануға болатын ерекше кірпіш ойлап тапты.

Бұл кірпіш 100 пайыз қайта өңделген пластикалық қалдықтардан жасалған. Сарапшылардың айтуынша, өнімнің бір ерекшелігі жеп-жеңіл болса да, өте берік. Бұл инновациялық кірпіштер қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Әдеттегі кірпіштерді күйдіру үдерісі көп қуатты қажет етеді әрі ауаға зиянды заттарды бөліп шығарады. Ал жаңа кірпіштерді жасауда қалдық материалдар, органикалық заттар қолданылады. Сонымен қатар жаңа кірпіштерді жасауға инновациялық 3D-басып шығару технологиялары да қолданылады. Бұл технологиямен кірпіштерді кез келген формада шығарып алуға болады.

 

Өлім калькуляторы

па

Ұлыбританияда дәрігерлер па­циент­тердің қайтыс болу мер­зімін есептеу үшін жасанды интеллект негізінде жасалған «өлім калькуляторын» қолдана бастады.

Өлім калькуляторы – адамның өмір ұзақтығын болжауға арналған онлайн құрал. Ол пайдаланушының жасы, жынысы, өмір салты, денсаулық жағдайы, зиян­ды әдеттері мен физикалық белсенділік деңгейіне сүйене отырып болжам жасайды. Құрылғы статистикалық деректер мен медициналық зерттеулерге негізделген. «Өлім калькуляторы» пациенттің қайтыс болу қаупін 78 пайыз дәл анықтай алады.