Ауа райы • 07 Қараша, 2024

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

231 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазгидромет болжамы бойынша, бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болып, қатты жел соғып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

фото: gov.kz

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 30 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Бұл әсіресе Астана, Қарағанды, Ақмола, және Солтүстік Қазақстан облыстарында айқын сезіледі деп болжанды.

Жезқазған қаласында 7 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, кей уақыттарда 23-28, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Қарағанды қаласында 7 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

Түнде Атырау облысының батысында  күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз көктайғақ күтіледі.

Өскеменде 7 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Семейде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында көктайғақ, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 7 қарашада түнде көктайғақ, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда 7 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Қостанайда 07 қарашада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде 23 м/с, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қаласында 7 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с сақталады.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Қонаев қ.: 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с.

7 қарашада түнде Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қаласында 7 қарашада түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдардағы көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде 7 қарашада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында 7 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Көкшетау қаласында 7 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.