Спорт • 07 Қараша, 2024

Дзюдодан әлем чемпионаты: Полковник күміс жүлде еншіледі

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шеберлер арасында дзюдодан АҚШ-та өткен әлем чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдодан әлем чемпионаты: Полковник күміс жүлде еншіледі

Фотолар: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Las Vegas World Championships veterans 2024 турнирінде 67 елден 1 мыңнан астам балуан белдесті. Жарыс 7 салмақ дәрежесінде және 35 жастан жоғары жас санаттары бойынша өтті.

«Өз нәтижеме ризамын. Қарсыластарым күшті болды. Қолдау көрсеткен отбасыма, достарыма, әріптестеріме көп рахмет. Мұндай жарыстарға бұған дейін де қатысқанмын, қатысуымның маңызды себебі – әскери қызметшілер мен армия спортшыларының кейінгі жас буынына үлгі көрсету», дейді полковник Арман Әбеуов.

Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, полковник Арман Әбеуов 100 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға барар жолда ол Бразилия, Португалия, АҚШ, Канада спортшыларынан басым түсті. Шешуші жекпе-жекте былтыр әлем чемпионы болған бразилиялық Рекардо Ферреироға есе жіберді.