Ауа райы • 07 Қараша, 2024

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ, Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің төбе жабыны мен қасбетіне зақым келген, деп жазады Egemen.kz.

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

Фото: informburo.kz

Павлодар облысының аумағында екпіні секундына 28-30 метрге дейін жететін дауыл әлі де соғып тұр.

Облыс әкімдігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі ағымдағы ахуал талқыланды.

«Зардап шеккен қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жедел түрде Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырыстарын өткізу және келтірілген залалды бағалау мен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы қажетті шешімдер қабылдау тапсырылды», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар электрмен жабдықтау желілерінде 120 апаттық өшіру болған, оның 69-ы жойылды. Қалғандарында жұмыстар жалғасып жатыр. 68 апаттық бригада (180 адамнан астам) және 62 техника жұмылдырылды.