АСТАНА. 30 сәуір. Непал астанасы Катмандудан үш сағаттық жолда орналасқан ауыл тұрғындары жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек алып бара жатқан жүк көліктердің жолын бөгеп тастады. Бұл туралы reuters.com хабарлады.
«Үкімет бізге тамақ бермей жатыр. Күріш тиелген жүк көліктері жанымыздан өтуде. Барлығын орталық аудандарға ғана тасып жатыр», – деді наразылық білдірушілердің бірі Удхав Гири.
29 сәуір күні Катмандуда 200 адам парламент ғимаратының маңына жиналып, үкіметтен зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуін талап етті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпары бойынша, апат аймағында азық-түлік пен ауыз судың тапшылығы байқалады, ондаған мың адам баспанасыз қалған.
25 сәуірде орын алған жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 5 мыңнан асты. Алайда, Непал премьер-министрі Сушил Коирала апат құрбандарының қорытынды саны 10 мыңға жуықтап қалу мүмкіндігін жоққа шығармады.
Зілзала аймағында қирандыларды жинастыру жұмыстары жалғасуда. Непалға апат салдарын жоюға Жапония мен Ресей көмектесіп жатыр. Сондай-ақ АҚШ, Израиль, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Польша мен Біріккен Араб Әмірліктері де өздерінің көмекке дайын екендерін жеткізді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: reuters.com.
• 30 Сәуір, 2015
Непалдықтар гуманитарлық көмектің жолын бөгеп тастады

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10