Саясат • 08 Қараша, 2024

ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мем­ле­кеттер Достастығына мүше мем­лекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республика­сы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті

Тараптар Достастық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айт­қанда, қазіргі жағдайдағы халықара­лық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақ­тастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ Ауғанстан бойынша өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әріптестеріне өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарына қатысты еліміз­дің ұстанымын хабардар етті және ұлттық мүддені ескере отырып, өзара ықпалдастықты дамыту туралы бірқатар ұсынысын жеткізді.