Әлем • 08 Қараша, 2024

Циркте жабайы аңдарды пайдалануға тыйым салынды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда жабайы аңдарды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Циркте жабайы аңдарды пайдалануға тыйым салынды

Фото: pixabay.com

Бұл тыйым мемлекеттік және жылжымалы цирктерге әсер етеді. Сонымен қатар жеке тұлғаларға жабайы жануарларды торда ұстауға тыйым салынады.

Тиісті тізімге енгізілген жануарларды заңды тұлғалар құрған және экология министрлігінің рұқсаты бар хайуанаттар бағында және арнайы питомниктерде (террариумдар, океанариумдар, серпентарийлер сияқты) ғана ұстауға болады.