Қазақстан Журналистер одағының Басқармасы үздік жұмыстарға деген республикалық шығармашылық конкурстың қорытындыларын қарай келіп, БАҚ қызметкерлеріне мынадай номинацияларда Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2010 жылғы лауреаттары атағын берді:
1. Репортерлік жұмыс – Ольга Коваленкоға, “Жаңалықтар” Ресей ақпараттық агенттігінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі – елдегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел жазып көрсеткені үшін; Қаншайым Байдәулетоваға, “Айқын” газетінің тілшісі – Қазақстанның жетекші БАҚ басшыларымен жүргізілген “Әріптестер әлемі” сұхбат топтамасы үшін.
2. Экономикалық шолу – Ибрагим Көбековке, “Иссык” аудандық жекеменшік газетінің редакторы, Көсемәлі Сәттібайұлына, “Егемен Қазақстан” газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жарияланымдары үшін.
3. Саяси шолу – Амантай Дәндіғұловқа, “Новая газета – Казахстан” басылымының бас редакторы – елдегі азаматтық қоғамның даму жолдары туралы публицистикалық мақалалары үшін; Рамазан Есергеповке, журналист – сөз бостандығын және Қазақстан журналистерінің құқығын қорғаудағы жарияланымдары үшін.
4. Журналистік зерттеу – Мария Имаеваға, “КТК” телеарнасының тілшісі – Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер қазақстандықтар туралы “Стертые имена” фильмін әзірлегені үшін.
5. Ізденіс материалы – Хельча Исмаиловаға, “Время” газетінің журналисі – осы газеттің беттерінде қазақстандықтардың жаңа ұрпағының адамгершілік тәрбиесі туралы жарияланымдар топтамасы үшін; Нұрмахан Оразбековке, көсемсөзші – Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы туралы бірегей материалдар әзірлегені үшін.
6. Телевизиялық жұмыс – Қазақстан Президенті телерадиокешенінің шығармашылық ұжымына (Ерлан Бекхожин – жоба жетекшісі) – “Назарбаев феномені” телевизиялық фильмін әзірлегені үшін; Нартай Өтегеновке, редактор, Айтолқын Ықсановаға, режиссер – “Қазақстан” ұлттық телеарнасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Қылмыс пен жаза” бағдарламасын әзірлегені үшін.
7. Зерттеу жұмысы – Жақыпжан Нұрғожаевқа, Марат Тоқашбаевқа, журналистер – мемлекеттік егемендікті сақтау мен нығайту туралы республикалық баспасөздегі талдау материалдары үшін.
8. Фотожұмыс – Берік Барысбековке, жоба жетекшісі, Тұрар Келмағамбетовке, Фархат Қабдықайыровқа – фотографтар – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында “Қазақстан аспаннан” фотоальбомын әзірлеу кезіндегі кәсіби шеберлігі үшін.
9. Медиа-жоба – Гауһар Жанпейісоваға, жоба авторы – Астана қаласында бейнелік тасымалдаушыларда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бейнесін жарқын көрсеткені үшін.
Қазақстан журналистикасын дамытуға сіңірген аса көрнекті еңбегі және қосқан сүбелі үлесі үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне майдангер журналистердің бір тобы “Қазақстанның құрметті журналисі” белгісімен марапатталды. Толық тізім өңірлік баспасөзде жарияланады. “Қазинпресс” редакциялық-баспалық тобы Амангелді Ахметәлімов атындағы сыйлықпен ақпараттық қызметті ұйымдастырғаны үшін “Интерфакс-Қазақстан” ақпарат агенттігінің бас директоры Наталья Минакованы және ҚазТАГ бас редакторының орынбасары Данияр Темірбаевты марапаттады. “Қазақстан – ZAMAN” халықаралық газеті Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықпен “Жетісу” газетінің фототілшісі Жұмабай Мұсабековті марапаттады.
Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзге қолдау көрсеткені және журналистермен өзара түсіністігі үшін мыналардың қызметтері атап өтілді: Болат Әбілов – “ЖСДП – Азат” теңтөрағасы, Ерлан Байжанов – “Арна Медиа” АҚ президенті, Аида Балаева – Астана қаласы әкімінің орынбасары, Кенжеболат Бекназаров – ҚР ҰҚК төрағасының баспасөз хатшысы, Нұрлан Нығматулин – “Нұр Отан” ХДП Төрағасының орынбасары, Жанна Ойшыбаева – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Василий Розинов – “Иволга – Холдинг” компаниясының бас директоры, Олжас Сүлейменов – ЮНЕСКО-дағы Қазақстан өкілдігінің басшысы, Мейрамбек Төлепберген – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.