Оқиға • 08 Қараша, 2024

Енді санитарлық кітапша тек электронды түрде беріледі

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тағы бір медициналық құжат цифрландырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді санитарлық кітапша тек электронды түрде беріледі

Фото: Ашық дереккөз

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап санитарлық кітапша тек электронды түрде беріледі.

«Медицина саласында көптеген медициналық анықтамалар мен құжаттар бар. Осыған байланысты азаматтар клиникаларда бірнеше сағат бойы кезекте тұруға көп уақыт жұмсауға мәжбүр. Сондықтан бұл құжаттарды цифрландыру өте маңызды», деді Ербол Оспанов.

Ол сондай-ақ 2025 жылы медицина қызметкерлерін тіркеу толығымен цифрландырылатынын айтты. Одан бөлек сұранысқа ие 8 медициналық анықтама цифрлық форматқа көшіріледі.