фото: ult.kz
Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты елімізде қар жауады, батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, боран, көктайғақ болады, елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші секундына 15-29 метр.
9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады.
Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 дейін, таулы аудандарда 5 градусқа дейін жылынады.