Тұтқындалған кезінде түсірілген суреті интернетке тараған сәттен бастап оның өмірі күрт өзгерді. Джеремидің келбеті желі қолданушыларын бей-жай қалдырмайды. Соның арқасында «көрікті қылмыскер» деген лақап аты пайда болды. Осылайша, Джеремиге сән әлеміндегі ірі агенттердің де көзі түскен. Кейін ол бостандыққа шыққан соң, беделді сән үйлерімен келісімшартқа отырып, танымал брендтердің бет-бейнесіне айналады. Бүгінде ол – сән әлемінің жарық жұлдызы.
Қозғалыстан қуат өндіреді
Жапондар технология жағынан басқалардан көш ілгері. Олар, тіпті, әрбір қозғалысты энергияға айналдырып отыр.
Жапон метросы – елдегі ең қарбалас орындардың бірі. Онда күн сайын миллиондаған адам жүреді. Ең кереметі олар метроға пьезоэлектрлік технология енгізген. Бұл технология адамдардың қозғалысынан қуат өндіреді. Метроны пайдалану арқылы жапондар стансаларды ғана емес, бүкіл елді электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Тіпті бұл технология автожолдарда да қолданылады.
Қоқыс қаражатқа айналады
Нигерияның Лагос қаласының тұрғындары мектептегі оқуға ақшаны қоқыспен төлейді.
Мұнда қайта өңделетін қалдықтарды жинау арқылы балалардың білім алуына қажетті қаржы жинауға мүмкіндік берілген. Ата-аналар мен оқушылар пластик бөтелкелерді, картон мен басқа да қалдықтарды жинап, оларды қайта өңдеуге тапсырады. Одан түскен қаражат мұғалімдердің жалақысын төлеуге, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу-құрал жабдықтарын сатып алуға жұмсалады. Бұл бастама қаржыны үнемдеуге ғана емес, елді қоқыстан тазартуға да септігін тигізеді. Қазіргі таңда жобаны қаладағы қырық мектеп қолдап, іске асырып жатыр. Мысалы, осы бастама арқылы бір мектеп түскен қаражатқа ғимаратын кеңейтіп, оқушылар санын 70-тен 120-ға жеткізген.