Қоғам • 12 Қараша, 2024

Балаларды қатерлі контенттен сақтайтын қосымшалар

87 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі интернет заманында ақпараттарды бақылау оңайға соқпай тұр. Ауқымы кеңейген сайын зиянды материалдардың саны көбейіп барады. Ал бізге балаларды желідегі қауіптен қорғау маңызды. Осыған орай, ата-аналар балаларының қауіпсіздігін интернетке шектеу қою арқылы сақтай алады.

Балаларды қатерлі контенттен сақтайтын қосымшалар

Сурет: ru.freepik.com

Мемлекеттік органдар балалар мен жасөспірімдерді интернеттен келер қауіптен сақтауға барлық қажетті шара қабылдап жатыр. Дегенмен әлемжелідегі заңсыз әре­кеттерге мемлекеттік құрылым­дар­дың күші жетер емес. Сондықтан БАҚ са­ла­сындағы заңнамалық талаптардың орын­далуын қадағалайтын Мәдениет және ақпа­рат министрлігі ата-аналарға ба­ла­ларының интернеттегі қауіпсіздігін қада­ғалауға шақырып, пайдалы қосым­шаларды ұсынады. Қосымшалар – заң­сыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және құрылғыларды пайдалану уақытын бақы­лауға көмектеседі.

Мәселен, Kaspersky Safe Kids қосым­шасы сайттарды бұғаттап, геолокация, баланың белсенділігі туралы есептік ақпарат береді. Аталған қосымшаның сай­тында ата-аналарға түрлі кеңес бар. Мысалы, 3-5 аралығында балалар интер­неттегі контент, ойындармен алғаш таныса бастайды. Осы кезде оларды цифрлық қауіпсіздікпен қамту қажет. Kaspersky Safe Kids мамандары YouTube-те қауіпсіз іздеу арқылы балаларды қажетсіз мазмұннан қорғауды ұсынады. Сондай-ақ құрылғыларды пайдалану уақытын шектеу қажет. Өзге сайттарды бұғаттап балаларды танымдық, білім беру қолданбаларын пайдалануға шақырған жөн.

Dr.Web Security Space қосымшасы анти­вирус орнатып, ата-ана бақылауын қам­та­масыз етеді және контентті сүзгіден өткі­зе­ді. Испания жасап шығарған Qustodio қосымшасы да контентті сүз­гі­ден өткізіп, экран уақытын шектеу­ге, әлеуметтік желілерді бақылауға көмектеседі. Ал АҚШ-тың Net Nanny мен Kidslox қосымшасы контентті бұғаттап, экран уақытын шектеу мен орналасқан жерді қадағалауға мүмкіндік береді. Norton Family қосымшасы сүзгіден өткізіп, пай­далану уақытын шектеу және іздеу сұрау­ла­рын қадағалауға арналған. Украина жасап шығарған Parental Control Kroha қосымшасы интернеттегі қосымшаларды бұғаттап, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасайды. Ал Google Family Link – Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Оны ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет. Kidlogger – белсенділікті қада­ғалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.

Сондай-ақ Android құрылғысынан Google Play арқылы, iOS құрылғысынан «Экран уақыты» және «Орналасқан жерді анықтау» арқылы геопозицияны қа­дағалауға болады. TikTok Family Pairing арқылы жасөспірімдердің TikTok қол­­дануын бақылауға, экран уақытын шектеуге және контентті сүзгіден өткізуге болады.