Қоғам • 12 Қараша, 2024

Елордада интернет-алаяқтықтың 4 мыңнан астам фактісі тіркелген

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 10 айында елорда аумағында 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Интернет-алаяқтықпен күресу үшін полиция қызметкерлері осындай қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ескерту бойынша тұрақты іс-шаралар өткізіп отырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада интернет-алаяқтықтың 4 мыңнан астам фактісі тіркелген

Фото: pixabay.com

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев айтты.

Қазіргі таңда цифрландыру қоғам өмірінде айтарлықтай орын алады, алайда оның таралуымен қатар интернет-алаяқтық жағдайлары да көбейіп отыр.

Спикердің мәліметінше, елордада халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру үшін дәрістер белсенді түрде өткізіліп келеді. Бұл іс-шараларда алаяқтар қолданатын әдіс-тәсілдер мен негізгі сақтық шаралары жан-жақты түсіндіріледі. Қосымша насихаттау және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халық көп шоғырланған жерлерде жадынамалар мен брошюралар таратылады.