Медицина • 12 Қараша, 2024

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 474 млрд теңге бөлінді

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 474 млрд теңге бөлінді

Фото: adyrna.kz

Ақмарал Әлназарованың мәліметінше, биыл амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 474 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 26,7 млрд теңге қаражат жұмсалған.

Сонымен қатар амбулаториялық деңгейде 251 млрд теңгеге 3,5 млн пациент 120 нозология бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгені хабарланды. 

Ауыл тұрғындарының дәрілік заттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункттері ұйымдастырылған.

«Пациенттердің стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Биыл Бірыңғай дистрибьютордың 2025 жылға арналған сатып алу науқаны бір ай бұрын басталды, бұл «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларына дәрілік заттарды 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Денсаулық сақтау министрі.