Оқиға • 12 Қараша, 2024

Павлодарда 42 жастағы жүргізуші жол ережесін 30 рет бұзған

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық көлік жүргізушісі қысқа уақыт ішінде 30-ға жуық рет жол ережесін бұзып, нәтижесінде 2 миллион теңгеден асатын айыппұлмен ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда 42 жастағы жүргізуші жол ережесін 30 рет бұзған

Фото:Polisia.kz

Көбінесе жүргізуші  көлігін аса жоғары жылдамдықпен айдаған. Қазіргі таңда шетелде тіркелген автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған.

«Қысқа мерзім ішінде жүргізуші жол ережесін шамамен 30 рет бұзған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асып түсті.  Мәселен, қазан айында жүргізуші Омбы тас жолында жылдамдық режимін бұзып, елді мекен ішінде 60 км/сағ шектелген жылдамдық орнына 93 км/сағ жылдамдықпен жүрген», деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Айта кетейік, биыл Павлодарда айыппұл төлемеген 42 көлік иесі ұсталған. Қарыз өтелгеннен кейін ғана көліктер иелеріне қайтарылған.