Әскер • 13 Қараша, 2024

Сарбаздар сынақтан өтті

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлері бригадасы жақында мерзімді әскери қызметін өтеушілер қатарына қабылданған жас сарбаздармен толыққан еді. Алғашқы әскери дайындықтан өтіп, жауынгерлік өмірдің қиындықтарына төселе бастаған жас сарбаздар Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында танк жүргізіп, сынақтан өтті.

Сарбаздар сынақтан өтті

Ақтау гарнизоны баспасөз қыз­меті­нің хабарлауынша, «Батыс» өңір­лік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының және ма­териалдық-техникалық қамтама­сыз ету базасының 576 жас сарбазы нақты ұрыс қимылдарына барынша жақын жағдайда оқудан өтіп жатыр.

– Танк жүргізіп, сынақтан өту­ жа­уын­­­герлерді жақын қа­­­шық­тықтағы ұрыс жағдайында жау­­дың сауытты техникасымен кү­ре­су әдістерін үйретуге мүмкіндік бе­реді. Жаттығудың психологиялық тұрғыдан қиындығына қарамастан, жауынгерлердің бәрі кедергілерді еңсере білді, – деп атап өтті батальон командирінің орынбасары капитан Ратбек Қуатбеков.

па

Қиын тапсырманы бастамас бұ­рын сарбаздар шартты қарсыластың танктерімен күресудің негіздерін игерді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты са­уыт­ты машиналарға қарсы қолдану ережелері мен тәсілдері түсіндірілді.

– Таңертеңнен бастап кедергі­лер жолағына шықтық. Алдымен Калаш­ников автоматын бөлшектеп, жинадық. Содан кейін ластанған аймақ пен тікенді сымды еңсеріп, 20 килолық жүкпен жүріп өттік. Сабақ танктерді жүргізумен аяқталды. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұны өзіңіз сезінуіңіз керек, – дейді Ақмола облысынан шақырылған Давид Массеров.

Жас жауынгерлер курсты 23 қа­ра­шада аяқтап, сосын әскери ант беріп, теңіз жаяу әскерлерінің шабуыл батальондарына жіберіледі.

 

Маңғыстау облысы