Фото: Ашық дереккөз
Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерген.
«Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді. Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген», делінген хабарламада.
Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.