23 Маусым, 2010

ӨТІНІШІ БОЙЫНША КЕЗДЕСТІ

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Иран Ислам Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфиді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақ­тастық байланыс жақсы да­мып келе жатқанын атап өтті. Екі ел президенттерінің кез­де­сулері мемлекеттердің сауда-экономикалық байланыстары дамуына кең жол ашатынын мәлімдеді. Айталық, жуырда Түр­кияда өткен АӨСШК шеңберінде екі ел бас­шылары кездесті. Сол жүз­десуде де көптеген ма­ңызды мәселелер қарасты­рылды. Мысалы, 2008 жылы екі ел арасындағы сауда ай­на­лымы 2 млрд. АҚШ дол­ла­рынан ас­қан болса, өткен жылы бұл көрсеткіш әлемдік қаржы дағдарысының әсері­нен сәл төмендеді. Деген­мен, алдағы уақытта осы дең­гейді қалыпқа келтіріп, экономи­ка­лық әріп­тестік байланыс­тың барлық түрін дамытуға толық мүм­кін­дік бар екені атап көрсетілді. Үкімет­аралық комиссияның жұмысын жан­дандыру, пар­ла­­мент­аралық байланысты арт­ты­ру үшін заң шығару ісін­дегі тәжірибе алмасу жолдарын қа­растыру мәсе­лелері көтеріл­ді. Иран елшісі өз сөзінде Мәжіліс Төрағасына Иран Парламенті жетекшісінің сәлемін және Теһранға келуге шақырғанын жеткізді. Бұл шақыруға О.Мұхамеджанов ризашылығын білдірді. Тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіндегі басты ұстанымдары, біздің ел­де қараша айында өтуі жос­пар­ланған ЕҚЫҰ-ның Саммиті туралы пікір алмасты. Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы елшінің Қазақ­стан­дағы мәртебелі қызметіне табыс тіледі.