Экономика • 13 Қараша, 2024

Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қордан қосымша 2 триллион теңге алынады

Депутат Татьяна Савельева мәлім еткендей, заң жобасы екі негізгі бағыт бойынша республикалық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты әзірленді.

«Біріншіден, 2024 жылға арналған кірістердің нақтыланған болжамы бекітілген жоспардан 2 триллион теңгеге төмендеумен анықталды, бұл ретте Ұлттық қордан мақсатты трансферт түрінде қосымша 2 триллион теңге тарту жоспарланды», деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттің шығыстары мен тапшылығының параметрлері үкімет енгізген түзетулерді ескере отырып және 2023 жылға арналған 61,3 млрд теңге көлеміндегі бюджет қалдықтарын пайдалана отырып өзгертілді.

«Осылайша, республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары бекітілген көрсеткішке қатысты 61,3 млрд теңгеге өседі, биылғы жылғы республикалық бюджет тапшылығы 61,3 млрд теңгеге өсумен 3,6 трлн теңгені құрайды», деді Савельева.