Байқау • 14 Қараша, 2024

«Гүлдердің» жеңісі

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мем­лекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүл­дер» ансамблінің өнерпаздары Грузияда өткен халық­аралық хореографиялық фестиваль-байқауға қатысып, жүлделі орындарды иеленді.

«Гүлдердің» жеңісі

Хореограф Джордж Баланчинге ар­налған бұл байқау Кутаисиде өтті. Оған Қа­зақ­стан, Латвия, Грузия, Эс­тония балет мектептерінің өкілдері қатысты.

Беделді өнер дода­сында «Гүлдер» ан­самблінің бір­қатар талант­ты әртісі бақ сынап, «Халық биі», «Қа­зіргі заманғы хореография» аталымдарына отандық хо­рео­граф­тердің қойған нө­мірлері ұсынылды.

Ансамбль мүшелері қазақ хореографиясының сұлулығы мен тереңдігін әлемдік сахнада таныта отырып, ел мәдениетін жо­ға­ры дәрежеде көрсете алды. Әртістердің кәсіби ше­бер­лігін қазылар алқасы жо­ғары бағалады. Атап айтсақ, Аққанат Смағұлова, Әнел Жұмаділдина, Рүс­тем Әмірбеков үш бірдей бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды Алан Мұхтар иеленді.

Байқауға өнерпаздарды «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Са­дықова мен Алила Али­шева, Гүлнара Саитова, Алмат Шам­шиев, Әсел Абакаева, Әмина Самарбаева, Ай­дар Ахмадиев, Дана Қуанышбекова сынды тә­жірибелі педагог-хо­рео­граф­тер даярлап, же­тек­шілік етті. Қа­зақ хал­қы­ның ұлттық ерек­ше­лігін айшықтайтын сах­на­лық костюмдерді Әсел Лұқпанова мен Наталья Протасова дайындады.

Джорджо Баланчиннің есімі әлемдік балет өне­рінің тарихында алтын әріппен жазылғанын ескерсек, байқауда жоғары мара­паттарға ие болу — еліміз үшін үлкен мәртебе.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50