Дін • 14 Қараша, 2024

Қарағанды облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

78 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы шеңберінде Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

Осы жылдың 5-6 қыркүйегінде Қарағанды техникалық университеті базасындағы «Жастар Әлемі» сарайының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері және т.б мамандары, имамдар, психологтар, теологтар қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог  Сейтқали Мирзада Шахманұлы  және педагогика және психология маманы Туйганов Мырзабек Сардарбекович семинар оқыды.

Жиында нейролингвистикалық бағдарламалау маманы Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында педагогика және психология маманы Туйганов Мырзабек Сардарбекович «Методы аргументации в противодействии деструктивным религиозным идеологиям» тақырыбында халық арасында деструктивті идеологияның енуіне қолайлы жағдай туғызатын негізгі себептер мен олардың таралуына қарсы әрекет ету  шаралары туралы айтып кетті. Сонымен қатар, «Формы и методы профилактики вовлечения молодёжи в деструктивные религиозные организации» тақырыбымен  жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру жолдарын үйретті.

Семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.