Дін • 14 Қараша, 2024

Павлодар облысында дін мәселелері бойынша оқыту тренингтері ұйымдастырылды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы шеңберінде Павлодар облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында дін мәселелері бойынша оқыту тренингтері ұйымдастырылды

Биыл қыркүйек айының 23-24 күндері Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» концерт-залының мәжіліс залында және Екібастұз қаласындағы Естай атындағы балалар музыка мектебінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары, теологтары қатысты.

Жиында исламтанушы Қожакелдиев Бауыржан Убалханұлы  «Мәзhәб ұстану» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Экстремизммен күрестің сипаты» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Сонымен қатар Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.

Семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар қойған сұрақтары бойынша дәріскерлерден тұщымды жауаптар алды.