Қазақстан • 14 Қараша, 2024

Биыл 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елімізде 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл 22 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, биыл жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 25 мыңнан астамы жарақат алған.

«Апаттардың негізгі себебі жылдамдықты асыру. ЖКО және зардап шеккендер көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, ЖКО-дан кейін медициналық мекемелерге жүгінген барлық адамдар есепке алынады», деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен конференция барысында.