Оқиға • 14 Қараша, 2024

Зейнеткердің қомақты қаржысын немересі ұрлап кеткен

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласының 63 жастағы тұрғыны полицияға арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz

Зейнеткердің қомақты қаржысын немересі ұрлап кеткен

Фото: Polisia.kz

Зейнеткердің айтуынша, ол өзінің есепшотын тексерген кезде 2 миллион теңгесі жоқ екенін байқаған.

Полицейлер күдікті ретінде зейнеткердің немересін ұстады. Жасөспірім қомақты қаржының көп бөлігін өз қажетіне жұмсағанын айтқан.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.