Дін • 14 Қараша, 2024

Батыс Қазақстан облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында Батыс Қазақстан облысында түрлі форматтағы іс-шаралар және семинарлар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы шеңберінде, дін істері басқармасының қолдауымен бекітілген жоспар бойынша осы жылдың 28 қазан - 1 қараша күндері аралығында өткізілген іс-шараларға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Атап айтқанда, олар Атырау облысы, «Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теолог маманы Нургалиева Айнагуль Изтелеуовна, Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС теолог маманы Қожахметова Талшын Зарқымқызы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті, философия ғ.к., директор Малғараева Зәуре Боранқұлқызы, Ақтөбе облысы «Ихсан» орталығының теолог маманы Бисембаева Роза Бақытқызы. 

Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны», «Әйелдер арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», және т.б. тақырыптар шеңберінде Орал қаласында және Сырым, Ақжайық, Жәнібек, Казталов аудандарында мешіттердегі әйелдер жамағатымен, түзету мекемесіндегі жазасын өтеуші әйелдермен, жастармен, жергілікті тұрғындармен және т.б. кездесулер өткізілді.