Қоғам • 14 Қараша, 2024

Павлодар облысында жасөспірім қыз жүкті болып қалған

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда Балалар үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісі жүкті болып қалды. Үш апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жасөспірім қыз жүкті болып қалған

Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, облыс орталығында балалар үйінің бірінде кәмелетке толмаған қыздың аяғы ауыр болып қалғаны туралы ақпаратты бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенова растады.

- Қыз 16 жасқа келді. Ол зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарады. Өзара келісім бойынша байланысқа түскенін айтады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ол келісім беретін жасына кірді. Тиісінше қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ. Жасөспірім мен баланың әкесі арасында неке қиылды,– деді Сәуле Шәкенова.

Облыстық білім беру басқармасының бұл факт бойынша хабары бар көрінеді.

Тәрбиеленушінің 3 апталық жүктілік фактісі медициналық тексерумен расталды. Факт бойынша қамқоршысы, орталықтың басшысы құқық қорғау органдарына өтініш жазды. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілді,– деді басқармада.

Жағдай кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Орталық басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызға кәмелетке толмаған ер баланың ата-анасы қаржылық көмек көрсетеді.