Қоғам • 15 Қараша, 2024

Атырау белсенділері – елордада

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірдің «Өзгеріс көш­басшылары» жас саясаткерлер мектебінің резиденттері Мәде­ниет және ақпарат министр­лігінің жұмысымен таныс­ты. Олар Астанаға сапарлап, мем­лекеттік аппараттың негізгі нысандарына барды.

Атырау белсенділері – елордада

Атырау облысында биыл мау­сым айы­нан бері «Өзгеріс көшбасшылары» жас сая­саткерлер мектебі жұмыс істейді. Ірік­теу барысында әр саладан 30 адам таң­далды. Жобаның мақсаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге белсенді жастарды тарту. Мектеп қатысушылары мемлекет және қоғам, азаматтық құқық, бюджет, әлеуметтану және азаматтық технологияларды пайдалану секілді бес бағыт бойынша оқудан өтеді.

Астанаға сапарлаған олар әуелі Мәдениет және ақпарат министрлігінде Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлім­жановпен кездесті. Жиында жастар саясатының негізгі аспектілері қозғалды. Қонақтарға қысқаша экскурсия да ұйым­дастырылды.

Көшбасшылар Жастар ғылыми-зерттеу орталығы ұжымымен де жүздесті. Кездесу барысында қатысушылар орталық жұмы­сымен, оның ғылыми жобалары және жастарды қолдау мен дамытуға арналған маңызды іс-шаралармен танысты.

Бұл кездесу жас көшбасшыларға жастардың өзекті мәселелері мен қажет­тіліктерін қамтитын зерттеулер жүргізу бағытындағы негізгі қызметі туралы тереңірек түсінік алуға мүмкіндік берді. Жастар саясатын дамытуда ғылыми көзқарастың маңызы ерекше аталып өтті. Талқылауда орталықтың зерттеу нәтижелерін күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді ескеретін өңірлік даму стратегиялары мен бағдарламаларына енгізу қажеттігі сөз болды.

Қатысушылар «Өзгеріс көшба­с­шы­лары» сияқты жобалар тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ғылыми қауымдастық пен жастар арасындағы өзара байланыс­ты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Бұл өз кезегінде жастарды өңірді дамыту үдерісіне белсенді тартуға мүмкіндік береді.