Қоғам • Бүгін, 09:08

Гендерлік сараптама жасалады

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде нормативтік-құқықтық актілерге гендерлік сараптама жүргізілмек. Осыған орай екі күндік тренинг өткізіліп, мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың заң қызметкерлері құжаттарға гендерлік сараптама жүргізу дағдыларын үйренді.

Гендерлік сараптама жасалады

Сурет: ru.freepik.com

Оқытуды Қазақстандағы БҰҰ-Әйел­дер құрылымы Мәдениет және ақ­парат министрлігі және Қазақстан қоғамдық даму инс­титутымен бірлесіп, Пре­зидент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комис­сияның қолдауымен ұйымдастырды. Қатысушылар халықаралық құқық стандарттары, гендерлік теңдік, гендерлік мейнстриминг және нормативтік құжаттарда қолдануға арналған терминологияны талдады. Тре­нингті гендерлік талдау са­ласының сарапшысы, нор­­ма­тивтік актілерге арнал­ған гендер­лік сараптама әдіс­темелерінің авто­ры, Хельсинки университеті­нің профес­соры Марианна Муравьева жүргізді.

– Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңей­ту мәселесі – елімізде ғана емес, жалпы бүкіл әлемде аса маңызды тақырыптардың бірі. Біз бұл мәселені тек құқық­тық тұрғыдан емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономика­­лық, мәдени аспекті ретінде де қарастыруымыз қажет. Жал­пы елімізде әйелдердің құқықтарын қор­ғау мен біліктілігін арттыруды қамта­масыз ету бағытында Мемлекет бас­шы­сының саяси шешімімен бірқатар маңыз­ды қадам жасалып жатыр. Мәсе­лен, осы жылы қабылданған әйел­д­ердің құқықтарын қорғау және бала­лардың қауіпсіздігін сақ­тау туралы заң, гендерлік саясат жүргізуге бағыт­талған жаңа бірқатар реформа осы­­ған дәлел бола алады. Әйелдер­дің саясат­қа араласуы – тек гендерлік теңдік мә­селесін емес, елдің болашағын анық­тай­тын маңызды факторлардың бірі. Бұған көптеген зерттеу негіз бола алады. Сондықтан саясатқа келетін әйел­дер­дің біліктілігін арттыру қажет, – деді Мә­жіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

 

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше